Көрменің бас сахнасында - Амфитеатрда елорданың шығармашылық ұжымдарының және барлық артистерінің қатысуымен «Астананың ырғақтары» («Ритмы Астаны») концерті өтеді.
«Астананың ырғақтары» қазіргі заманғы музыка фестивалі аясында басты мәдени оқиғалар, Астанада жасалған және оның танымдық белгісіне айналған ең жарқын шоулардан үзінділер көрсетіледі. Шара барысында заманауи эстрада өнері мен халық шығармашылығы көпшілік назарына ұсынылады. Концертте диджейлер эстрадалық-симфониялық оркестр мен фольклорлық ансамбльмен бірге өз композицияларын орындайтын болады.
Айта кетейік, «Астананың ырғақтары» фестивалі елорданың Мәдени күндерінің аясында ЭКСПО-2017 көрмесінің аумағында өтеді.