Эстонияда доңыз тұмауына шалдыққандардың саны 400 адамнан асты

АСТАНА.  Желтоқсанның   3-і.  ҚазАқпарат -  Эстонияда  өткен аптада және   ағымдағы аптаның басында  A/H1N1 тұмауын  жұқтырудың    132 жаңа оқиғасы   тіркелді.

 Нәтижесінде  доңыз тұмауына    шалдыққандардың саны  401 адамға жетті,  деп   хабарлады сәрсенбі күні   елдің денсаулық сақтау  инспекциясы.

 «РИА «Новости» агенттігінің   хабарлауынша,  эстон дәрігерлері,   A/H1N1   тұмауының  алғашқы оқиғасы тіркелген  мамыр  айынан бастап,    қараша айына дейінгі аралықта  аптасына  орта есеппен  10  жаңа фактіні  тіркеп  отырған.   Бірақ    қараша айынан   бастап доңыз вирусына шалдыққандардың саны өсіп,   аптасына  50-70 оқиғаға  жетсе, енді   100 оқиғадан  асып отыр.

 Өткен аптада елде  A/H1N1  тұмауының салдарынан екі адам  қайтыс болды.     13 жасар  жасөспірім  мен 50 жастағы ер азамат көз жұмды.

 Эстонияның Әлеуметтік істер  министрлігі  доңыз тұмауына қарсы  вакцинаның алғашқы партиясы елге  желтоқсанның 7-сінде   жеткізілетінін   хабарлап  отыр.