Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан "Этносаралық қатынастар мен конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісі: қазіргі жағдайы мен болашағы" деп аталатын халықаралық ғылымы-тәжірибелік конференцияда айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Қазақстан этносаралық қатынаста өзіндік үлгіні жүзеге асыра алды. Этносаралық келісім азаматтық қоғамның құрылымдары мен институттары арқылы анықталады. Ол барлық мемлекетте ең күрделі мәселе боп саналады. Этносаралық диалогтың тиімді құралы - Қазақстан халқы ассамблеясы құрылды. Дегенмен елде этносаралық тұрақтылық қалыптасқанмен, мәселе толық шешілді деуге болмайды. Қазақстандық үлгі әлі ғылыми талдауды қажет етеді", дейді ҚР Саяси ғылымдар академиясының академигі, философия ғылымдарының докторы Албан Балғымбаев.
Қазақтың Абай атындағы ұлттық педагогикалық университеті профессорының айтуынша, ұлттық саясат - этносаралық қарым-қатынас, қоғамдық тұрақтылық, мемлекеттік тәуелсіздікті нығайту мен белсенді ықпалдастық қағидаларына негізделеді. Қазақстан диаспоралары өзін-өзі этнос ретінде сақтап қалуы мен ұлттық мәдени алуандықты дамытуда көптеген іс-шараларды жүзеге асыруда. Енді барлық күш жігерін мемлекеттік тілді - басқару, саясат және ғылым желісінде өркендетуге жұмсауы қажет.