Еуразия даму банкі рубльдегі 03 сериялы облигацияларына жылдық 7,5 пайыз купон мөлшерлемесін бекітті

АЛМАТЫ. 17 қазан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Еуразия даму банкі 14 қазанда рубльдегі 03 (ISIN RU000A0JQH85) сериялы облигацияларына жылдық 7,5 % көлемінде бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші купондарына мөлшерлеме бекіткен.

Бұл туралы банктің баспасөз қызметі бүгін Алматыда баспасөз хабарламасын таратты.

Купондық кірістің көлемі 1 облигацияда 37,40 рубльді құрайды. Халықаралық қаржы институты облигациялары төлемі пайызының жалпы көлемі бесінші купонды төлеу датасынан бастап 187 миллион рубльді құрап отыр. Келесі оферт датасы бесінші купон кезеңі басталғаннан кейінгі екінші жұмыс күні анықталмақ. 5 миллиард рубль көлеміндегі облигациялар 7 жыл мерзімге шығарылған. 2009 жылы 3 қарашада орналастырылған купондардың алғашқы мөлшерлемесінің бірден төртінші купонға дейін жылдық 10,5 пайыз көлеміндегі оферт датасы 2011 жылдың 3 қарашасы.