Ол жаңа қызметінде енді банктің инвестициялық қызметін қамтамасыз етіп, инвестициялық құралдарды жетілдіру жұмыстарын ұйымдастырумен айналыспақ. Оған сондай-ақ, инвестициялық қоржынды қалыптастыру қызметіне жалпы жетекшілік жасау, инвестициялық жобаларды құрылымдау қызметін бақылау және корпоративтік қаржыландыру саласындағы банк қызметін үйлестіру міндеттері жүктеліп отыр.
Журба Дмитрий Геннадьевич 1966 жылы 1 желтоқсанда Новосібірде дүниеге келген. 1989 жылы Новосібір электротехника институтын "Электронды техника инженері" мамандығы бойынша бітіріп, КСРО Ғылым академиясының Сібір бөлімінің Жартылай өткізгіштер физикасы институтында еңбек жолын бастайды. 1992-93 жылдары Батыс-Сібір қор биржасының вице-президенті, 1994-98 жылдары "Алемар" ИҚК" ЖАҚ-ның Бас директоры, 1998-99 жылдары «Красноярскэнерго» ААҚ-ы Бас директорының 1-орынбасары, 1999-2000 жылдары «Росэнергоатом» мемлекеттік концернінің Атқарушы директорының 1-орынбасары. Ал 2000-2005 жылдары «ЕЭС России» ААҚ РАО Басқарма мүшесі, қаржы директоры, 2005 жылдың қыркүйек-қараша айларында "Алемар" ИҚҚ" ЖАҚ-ның вице-президенті, ал қарашадан қазіргі күнге дейін оның президенті қызметін атқарды. Ол сондай-ақ, "A'LEMAR INVESTMENT GROUP" қожайындарының бірі саналады.