11 айдың қорытындысына қарағанда таза пайда 9,1 млрд теңгені, таза пайыздық маржа (NIM) 7 пайызды құрады. Резерв қалыптастырғанға дейінгі таза пайыздық кіріс 19,6 млрд теңге болып, өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 54,5 % ұлғайды. Ал капиталдың пайдалылығы (жарғылық капиталдың ұлғаюын ескере отырып) (ROAЕ) 25,7 пайызды құрап отыр.
М.Эгглтонның айтуынша, бұл жетістікке қаржы институты бизнесті әртараптандыру мен бөлшек бизнес бағытындағы дамудың нәтижесінде қол жеткізіп отыр. Бұл 3 халықаралық қаржы басылымы тарапынан оң бағасын алып, үлкен марапатқа ие болды. Банк енді жыл соңына дейін жаңадан 2 филиал мен 50 бөлімше ашпақ. Банк штаты бұған дейін 1000 адамға ұлғайған болатын. Енді жыл соңына дейін таза табыстың көлемі 10 миллиард теңгеден асады деп болжануда. Тәуекелдерді басқару банктің негізгі бағыттарының бірі болып қалуда. 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Еуразиялық банк бизнесінің құрылымындағы төлем мерзімі 90 күннен аса кешіктірілген жұмыс істемейтін қарыздар (NPL) жиынтық қоржынның 6,8 пайызын құрады.Бұл ретте қарыздар бойынша мүмкін шығындардың орнын толтыру коэффициенті122,9 пайыз болды.Ал банкактивтері жыл басынан бері 24,4 пайызға ұлғайып, 459,7 млрд теңгені, несие қоржыны (брутто) 363,8 млрд теңге деңгейіне дейін ұлғайды, бұл 2011 жылғы деректермен салыстырғанда 36,2 пайызға жоғары. Сондай-ақ меншікті капитал45,9 пайызға ұлғайып, 47,0 млрд. теңгені құрады.