Еуразиялық энергетикалық корпорациямен бірге «Мектепке әзірлік»

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - «Мектепке әзірлік» акциясына қатысу «Еуразиялық энергетиалық корпорация» акционерлік қоғамында игі дәстүрге айналып отыр, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

Жыл сайын жаңа оқу жылының қарсаңында корпорация мұқтаж балаларды қолдау үшін олардың мектеп жабдықтары мен киімдеріне 1 миллион теңге бөледі. 500 мың теңге сомаға Ақсу балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін мектеп формалары, аяқ киімдер, оқу жабдықтары сатып алынып қойылды. Тағы осындай соманы кәсіпорын Ақсу мектептерінде оқитын тұрмысы төмен отбасылардың балаларына киімдер және кеңсе тауарларын сатып алуға бөліп отыр.

Жыл сайын сондай-ақ, Білім күні қарсаңында кәсіпорын қызметкерлерінің көпбалалы отбасыларына да материалдық көмектер көрсетіледі.