Оның айтуынша, Елбасының бұдан жиырма жыл бұрын жариялаған Еуразиялық интеграция идеясы қазіргі таңда белсенді түрде жүзеге асып келеді. «Оған дәлел, міне, Кедендік Одақ, Бірыңғай экономикалық кеңістік құрылды. Қазір Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісім талқыланып жатыр. Бұл идея өзінің өміршеңдігін көрсетіп отыр. Мысалы, банк саласында да көрініс табуда. Қаржылық ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігі, жұмыстарының сапасы артты. Мен Еуразиялық интеграция идеясын - таза экономикалық идея деп санаймын», - деді Серік Аханов. Сонымен қатар, Серік Ахановтың айтуынша ортақ валюта мәселесі келісім бойынша 2025 жылға дейін талқыланады. Өйткені, бұл өте күрделі мәселе. Бұл үшін Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін елдер арасында өзара нақты үйлестіру механизмін жасау керек.
13:07, 09 Сәуір 2014
Еуразиялық интеграция Қазақстанның экономикалық мүддесіне толық жауап береді - ҚР қаржыгерлері қауымдастығының төрағасы
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Еуразиялық интеграция Қазақстанның прагматикалық және экономикалық мүддесіне толық жауап береді. Бұл идеяның қажеттілігін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Бұл жөнінде бүгін Алматыда өткен өткен «Еуразиялық интеграцияның өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел барысында Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының төрағасы Серік Аханов мәлімдеді.