«Еуро-2012» - Қазақстан Германия, Түркия командаларымен бір топта ойнайды

АСТАНА. Ақпанның 8-і. ҚазАқпарат ‑ Варшавада футболдан «ЕУРО-2012» іріктеу додасының жеребесі тартылды.

Ол бойынша Қазақстан құрамасы құрлық біріншілігінің жолдамасын Германия, Түркия, Австрия, Бельгия, Әзірбайжан құрамаларымен «А» тобында сарапқа салатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Естеріңізге сала кетейік, әлем біріншілігінің іріктеу ойындары 2010 жылдың қыркүйегі мен 2011 жылдың қараша аралығында өтеді деп жоспарланған.

Сонымен жеребе нәтижесі бойынша :

«А» тобы бойынша :Германия, Түркия, Австрия, Бельгия, Қазақстан, Әзірбайжан.

«B» тобы: Ресей, Словакия, Ирландия, Македония, Армения, Андорра

«C» тобы:Италия, Сербия, Солтүстік Ирландия, Словения, Эстония, Фарер аралдары.

«D» тобы: Франция, Румыния, Босния және Герцеговина, Беларус, Албания, Люксембург

«E» тобы: Голландия, Швеция, Финляндия, Венгрия, Молдавия, Сан-Марино

«F» тобы: Хорватия, Грекия, Израиль, Латвия, Грузия, Мальта

«H» тобы: Португалия, Дания, Норвегия, Кипр, Исландия

«I» тобы: Испания, Чехия, Шотландия, Литва, Лихтенштейн