Еуроодақ елдерінің басшылары Грекияға көмек көрсететін болды

АСТАНА. Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат - Еуро аумағының 16 елінің басшылары Грекияға көмек көрсету жоспары бойынша «ортақ түсіністікке» қол жеткізді. Еуроодақ Грекияға екіжақты несие беруге әзір, себебі ол елдің тарапынан қаржылай көмек туралы өтініш түспеген. Бұл туралы Брюссель саммитіне қатысушы Еуроодақ өкілдерінің келісім жобасында айтылады,

деп хабарлайды РБК агенттігі.

Бірақ та, Грекияға қаржылай көмек тетігін іске қосу туралы шешімнің қабылданбағаны атап көрсетілуде. Құжатта атап көрсетілгендей, борышкер белгілі бір экономикалық саясатты жүргізген жағдайда ғана, Грекияға несие беріледі. Несиенің көлемін Еуропалық комиссия мен Еуропалық орталық банк анықтайтын болады. Ал қаржылай көмекке келер болсақ, нарықтық қаржыландыру жетімсіз болған жағдайда ғана, бұл мәселе оң шешілуі мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, Брюссельде Еуроодақтың екікүндік саммиті басталды, онда еңбек нарығы, аймақтың экономикалық өсу стратегиясы, Копенгагендегі климат мәселесі жөніндегі конференция барысында нақтыланған проблемалар талқылануда. Еуроодақ елдерінің өкілдері сондай-ақ, дағдарыспен күресу үшін қабылданып жатқан шараларды талқылайды. Саммитке қатысушылар кездесу барысында Грекияға қаржылай көмек көрсету мәселесіне қатысты да оң шешім қабылданады деген үмітте.