Бұл туралы «Азаттық» радиосы» хабарлады.
Еуроодаққа төрағалық етуші Швеция елі дайындаған хабарламада, еуропалық қоғамдастыққа мүше барлық 27 елдің бұрынғысынша Грузияның аумақтық тұтастығы мен егемендігін қолдап отырғаны атап көрсетілген.
АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті де аптаның басында осыған ұқсас мәлімдеме жасаған болатын.
Өткен сенбі күні Абхазияда өткен сайлауда республиканың қазіргі басшысы Сергей Багапш жеңіске жетт і. Ресми мәліметтерге сүйенсек, ол сайлаушылардың 60 пайыздан астамының дауыстарын алған.