Еуроодақ Кеңесінде төрағалық етуші швед премьері Фредерик Рейнфельдт қорытынды баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде, жоғарғы форумның Еуроодақтың тұңғыш президенті етіп бірауыздан Бельгияның премьер-министрі Херман ван Ромпейді сайлағанын хабарлады.
Ал Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы өкілінің лауазымына (Еуроодақ Сыртқы істер министрі) - сауда мәселелері жөніндегі еурокомиссар, баронесса Кэтрин Эштон сайланды.
Аталған лауазымдар жаңа қызметтер болып табылады және олар ағымдағы жылдың желтоқсан айында күшіне енетін еуроодақтың жаңа базалық құжаты - Лиссабон келісіміне сәйкес енгізіліп отыр.