Бұл туралы Өнеркәсіп мәселелері жөніндегі еурокомиссар Антонио Таяни мәлім етті, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
Атап айтқанда, туристік сектордың шығыны - 1 миллиардқа жуық еуроны, әуе компанияларының шығыны 1,5-2,5 миллиард еуроны құрап отыр. Жанартау күлі аспанға көтерілген Еуропада бір аптаның ішінде 100 мыңдай ұшу сапары кідіртілді. Дағдарыстың салдарынан 10 миллион жолаушы зардап шекті.