Кездесуде аймақ басшысы аталған банкпен әріптестік орнатуға қызығушылық танытып отырғандығын атап өтті.
«Қазіргі кезде біз сіздермен әріптестік орнатуға ниеттіміз. Менің тапсырмама сәйкес Көкшетау қаласының әкімдігі су және жылумен жабдықтау, су жіберу бағытында сіздермен белсенді жұмыс істей бастады. Оған қоса біз сіздерге Степногор, Атбасар, Ерейментау, Державинск, Макинск қалалары және Аршалы кентінде де су және жылумен жабдықтау нысандарының құрылысын қаржыландыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз», - деді облыс әкімі.
Осы ретте Еуропалық қайта құру және даму банкінің өкілі Бахтиёр Файзиев ұсынылған барлық жобалар қаралатынын және оның ішінде Көкшетау қаласын сумен жабдықтау жобасын пилоттық ретінде таңдап алуға ниетті екенін айтты.