Бұл туралы «Еуростат» Еуропа статистика агенттігі хабарлайды.
2013 жылдың тамыз айында 2012 жылдың тамыз айымен салыстырғанда бөлшек сауда көлемі еуро аймағында 0,3%-ға төмендеді, бірақ ЕО-да 0,3%-ға өсті.
2013 жылдың тамыз айында тамақ өнімдерін, сусындар және темекінің бөлшек саудасы 2013 жылдың шілде айымен салыстырғанда еуро аймағында 0,4%-ға төмендеді және ЕО-да 0,6%-ға өсті. Тағамдық емес сектор еуро аймағында 0,6%-ға өсті және ЕО-да 0,5%-ға өсті.
2013 жылдың тамыз айында бөлшек сауданың ең үлкен өсімі келесі жылдың шілде айымен салыстырғанда Португалияда (4,8%), Испанияда (3,8%) және Словенияда (3,2%) тіркелді.
Бөлшек сауда көлемінің ең үлкен төмендеуі Люксембургте (-1,4%), Ұлыбританияда (-1,1%) және Бельгияда (-0,9%) тіркелді.
Өз кезегінде, өнеркәсіп өнімдері бағасының өсуі Еуроодақтың 28 мемлекетінде 2013 жылдың тамыз айында шілде айымен салыстырғанда 0,1%-ды құрады.
Өнеркәсіп өнімдерінің бағасы еуро аймағының 17 елінде бұрынғы деңгейде қалды.
Шілде айының мәліметтері бойынша, осы көрсеткіш еуро аймағында 0,2%-ға өсті және ЕО-да 0,4%-ға өсті.
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп өнімдерінің бағасы еуро аймағында 0,3%-ға өсті және ЕО-да жалпы 0,5% -ға өсті.