Еуропарламент «әскери Шенген аймағын» құру туралы резолюция жобасын дайындады

Фото: Armenpress

АСТАНА.KAZINFORM — Еуропарламенттің көлік және қорғаныс комитеттерінде әскери күштер мен техника қозғалысын жеңілдететін және Еуро Одақ аумағында «әскери Шенген аймағын» құруға бағытталған резолюция жобасы дайындалды. Бұл туралы Аrmenpress агенттігі Еуропарламент хабарламасына сілтеме жасап мәлімдеді.

Резолюцияда «Ресейдің ықтимал агрессиясына қарсы тұруға дайындықты қамтамасыз ету мақсатында әскери күштердің, техниканың және ресурстардың бүкіл Еуропада жылдам қозғалысын қолдау қажеттілігі» атап өтілген.

Бұл қадам «Жалпы еуропалық қауіпсіздік пен қорғаныстың маңызды факторы, сонымен қатар шығыс флангтағы, атап айтқанда Балтық елдері мен Польша үшін сындарлы маңызды» деп көрсетілген.

Депутаттар бейбіт уақытта жедел әрекет күштерінің ішкі шекараларды үш күн ішінде, ал дағдарыс кезінде 24 сағат ішінде кесіп өту мүмкіндігін қамтамасыз ету қажеттігін ұсынады. Қазіргі кезде әкімшілік, қаржылық және инфрақұрылымдық қиындықтар салдарынан әскери техника қозғалысы ЕО аумағында кейде бір айдан астам уақытқа созылуы мүмкін.

Еуропарламент депутаттары әскери мобильділікті қамтамасыз етуге арналған бюджетті келесі ұзақ мерзімді бюджетте 17 миллиард еуроға дейін арттыру ұсынысын қолдайды және «ЕО елдерінен осы соманы қысқартпауын сұрайды, өйткені 2021–2027 жылдарға арналған бюджетте ұсынылған қаржы 75%-ға қысқарған болатын».

Депутаттар «нақты „әскери Шенген аймағын“ мүмкіндігінше тезірек құру керек» деп атап көрсетеді.

Резолюция жобасы желтоқсан айында Еуропарламенттің пленарлық отырысында дауысқа салынбақ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Швед депутаты Еуропарламентте хиджаб киюге тыйым салуды ұсынған боалтын.