Өткен аптада Сербияда екі қайғылы оқиға болды. 3 мамырда Белградтың орталық аудандарының бірінде 13 жастағы жасөспірім өз мектебінде 8 оқушы мен күзетшіні атып өлтірді. Жұма күні кешке қарай 21 жастағы ер адам Белградтан 40 шақырым жердегі Дубона кентінде автоматтан оқ жаудырған. Салдарынан 8 тұрғын көз жұмып, 14 адам жарақат алды.
Еуропарламент президенті Роберта Метсола Сербиядағы осы оқиғалардың құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алуға шақырды.
«Бұл шабуылдарға кінәлілер жауапқа тартылуы тиіс», - деді Еуропарламент басшысы. Сондай-ақ ол қайғылы оқиғада қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты.
12:37, 09 Мамыр 2023
Еуропарламент Сербиядағы қанды оқиға құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды
СТРАСБУРГ. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні Францияның Страсбург қаласында Еуропарламенттің кезекті көшпелі сессиясы басталды. Сербияда адам өлтірудің екі қайғылы оқиғасына байланысты Еуропарламент депутаттары қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.