Оны ресейлік ұлттық музыкалық конкурстың іріктеу турында финалған шыққан 25 өнерпаздың ішінен таңдады, деп хабарлады Би-Би-Си. Финал жексенбі күні кеште «Ресей 1» телеарнасында тікелей эфирде көрсетілді. Көрермендер телефон қоңырауы және SMS-хабарламалары арқылы кәсіби қазылар алқасының қатысумен таңдау жасады.
29 жастағы Наличтің мамандығы - сәулетші. Ол көрермен қауымға «Гитар» әнімен 2007 жылдың көктемінен бері таныс бола бастады. 2008 жылдың басында «Петр Наличтің музыкалық ұжымы» тобын құрды. Ол Мәскеуден басқа, Санкт-Петербор, Екатеринбор, Нижний Новгород қалаларында гастрольдерде болды, Еуропа-2008 футбол чемпонатында және Бейжіңдегі Олимпиадада ресейлік командаға қолдау көрсетті.
«Еуровидение-2010» конкурсы мамырдың 25-29-ы күндері Осло маңындағы Бэрум қаласында Солтүстік Еуропаның ірі жабық стадионы - Telenor Arenaда өтеді.