Қазіргі таңда оған қатысты түрлі пікірлері білдірілуде. Кейбіреулер артқы фоны қара түсті болғандықтан, ол көңілсіздік ұялатады десе, енді біреулер бұл эмблема өткен жылдардағы Евровидение-2011, Балалар Евровидениесі-2010 сынды байқаулардың эмблемасын еске түсіреді дейді. Ал конкурсты ұйымдастырушы Джон Ола Санд логотиптің дизайны ғана өзгермегенін, енді ол жаңа мәнге ие болғанын айтады. Қарақошқыл түсті фон - бұл Жер шары символы. Жалпы, жаңа эмблема күш-қуат, жалпыадамзаттық құндылықтар мен шексіз мүмкіндіктер символы болып табылады. Онда «Building Bridges» («Көпірлер орнату») және дәстүрлі Eurovision Song Contest жазуы бар, сонымен қатар байқауды өткізетін елдің туы бейнеленген жүрекше келтірілген.
01:36, 08 Желтоқсан 2014
«Евровидение» ән байқауы жаңа эмблемасын ұсынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропалық танымал «Евровидение» ән байқауы өзінің эмблемасын өзгертті, деп хабарланған байқаудың ресми сайтында.