«Эйр-Астана» әуе компаниясының мәліметтері бойынша, 22 маусым күні «Ташкент-Алматы» бағытымен ұшып бара жатқан КС 128 рейсі қымтау жүйесінде ақаудың пайда болуына байланысты Алматы уақыты бойынша 16 сағат 15 минутта Шымкент әуежайына штатты жағдайда қонды. Зардап шеккендер жоқ»,-делінген хабарламада.
Ұшақ экипажы қону туралы шешімді қауіпсіздік талаптарына байланысты қабылдаған. Қазіргі таңда ұшақтың ақауын іздеп тауып, оны жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жолаушыларды сағат 22-40-та «Шымкент-Алматы» тұрақты рейсімен алып кетеді.