Федералдық тергеу бюросы хакерлерге халықаралық соғыс жариялады

АСТАНА. Желтоқсанның 11-і. ҚазАқпарат -Федералдық тергеу бюросы мен АҚШ-тың Құпия қызметі кибернетикалық қылмыспен күресу саласында шетелдік әріптестерімен өзара іс-қимылдың аясын кеңейтуде.

Бұл  туралы  Utro.ru сайты  хабарлады.

Кибернетикалық қылмыстармен күресетін     қызметтің   өкілдіктері     қазіргі  таңда Италияда, Нидерландыда,  Румыния мен   Эстонияда,  сондай-ақ   аты аталмай  отырған  тағы бір елде   ашылып  отыр.