ФИФА Диего Марадонаны екі айға жазалады

А.  Қарашаның  16-сы.  ҚазАқпарат -   Халықаралық футбол   федерациясы (ФИФА)  былапыт   сөздер айтқаны  үшін  Аргентина   құрамасының  жаттықтырушысы Диего  Марадонаны  екі айға    қызметінен    шеттетті  және      25 мың    швейцар  франкі көлемінде айыппұл  салды,

 деп хабарлайды «РИА  «Новости» агенттігі.

Үкім   қарашаның 15-де күшіне    еніп,    2010  жылғы   қаңтардың 15-не  дейін   созылады.     Осылайша,   жаза    Марадонаға     өз  командасымен   2010 жылғы  әлем чемпионатында  өнер көрсетуге кедергі  болмайды.  Марадона  осыдан бір ай  бұрын   іріктеу   циклының   соңғы  ойынында  Уругвай  құрамасымен болған және 1:0   есебімен Аргентинаның жеңісімен аяқталған  ойыннан кейін  айқайлаған былапыт сөздері   үшін   жазаланып отыр.    Ойынды қорытындылаған     ысқырықтан кейін   және     одан соң болған     баспасөз мәслихатында  Марадона      барша  жұртты  «біраз  жерге  апарып тастаған»  болатын.