Ол бойынша Қазақстан құрамасы қазандағы көрсеткішінен 6 сатыға төмендеп, 125-ші орында тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Рейтинг бойынша үздік ондықта мына командалар орналасқан: 1. Испания, 2. Бразилия, 3. Голландия, 4. Италия, 5. Португалия, 6. Германия, 7. Франция, 8. Аргентина, 9. Англия, 10. Хорватия. ФИФА-ның келесі рейтингі 2010 жылғы ақпанның 3-де жарияланады.