ФИФА рейтингі: Қазақстан құрамасы 127-ші орында

АСТАНА. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) ұлттық құрамалардың кезекті рейтингін жариялады.

Ол бойынша Қазақстан құрамасы бұдан бір ай бұрынғы көрсеткішінен төрт сатыға төмендеп, 127-ші орында тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Еуро-2012» чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасымен бірге «А» тобында сынға түсетін Германия рейтинг бойынша 5-ші, Түркия 41-ші, Австрия 56-шы, Бельгия 68-ші, Әзірбайжан 109-шы орындарда тұр.

Рейтинг бойынша үздік ондықтан мына командалар орын алған: 1. Испания, 2. Бразилия, 3. Голландия, 4. Италия, 5. Германия, 6. Португалия, 7. Франция, 8. Англия, 9. Аргентина, 10. Грекия.