ИТАР-ТАСС агенттігінің хабарлауынша, паромда болған 73 жолаушы мен экипаж мүшелерінің 46-сы құтқарылған, 27
адам із-түзсіз жоғалғандар санатында.
Ал AFP агенттігі, екі кеменің де суға кеткенін, 37 адамның тағдыры белгісіз екені туралы хабарлап отыр. Олардың ішінде балықшылар қайығының да теңізшілері бар.
Жағалау күзеті құтқарушылары мен жергілікті балықшылар суға кеткен адамдарды іздестіруде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.