Филиппинде күшті өрт шығып, 500 үйді жоқ қылды, бір қыз мерт болды

АСТАНА. Қаңтардың 17-сі. ҚазАқпарат - Филиппиннің астанасы - Маниланың порты жаындағы қоныстанушылар колониясында өрт шығып, бес жасар қыз мерт болды, 4 мыңға тарта адам баспанасыз қалды,

деп хабарлайды Ассошиэйтед Пресс агенттігі елдің өкімет орындарының мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Өрт қызметінің бастығы Эммануэль Гаспардың айтуынша, тілсіз жау Манила шығанағының жағасындағы жиі қоныстанған кедей орамдағы 500 үйді жалмаған. Гаспар сондай-ақ бес жасар қыз опат болғанын айтты. Қала билік орындары өрттің шығу себебін анықтауда.