Іздеу-құтқару шараларына құқық қорғау органдары, жағалаудағы күзет, Филиппин әскері, сондай-ақ қарапайым балықшылар жұмылдырылған. Табиғи апат салдарынан екі адам қаза тауып, 200-ден астам үй бүлінді.
АСТАНА. ҚазАқпарат - Филиппиннің Пангасинан провинциясының жағалауында "Мучжигэ" тайфуны салдарынан 121 балықшы із-түссіз жоғалып кетті. Қазіргі уақытта 23 балық аулау кемесінің орналасқан жерін анықтау мүмкін болмай отыр, деп жазады ТАСС.