Филиппинде волейболдан ерлер арасында XV Азия чемпионаты өтуде

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсақаев/ -  Волейболдан Қазақстанның   ұлттық құрама командасы Филиппинде өтіп жатқан 15-ші Азия чемпионатында алғашқы кездесуін қыркүйектің 29-ы күні алаң иелерімен өткізеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Волейбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Қыркүйектің 27-сі күні жалауын көтерген бұл байрақты бәсеке қазанның 1-іне дейін созылады. «А» тобында өнер көрсетіп жатқан ел құрамасы алғашқы кездесуін сейсенбі күні жарыс қожайындарымен өткізеді. Филиппиндіктер кешегі ойында Мьянма волейболшыларынан 3:2 есебімен ұтылып қалған болатын. Сондай-ақ кеше Шри-Ланка мен Гонгконг  (3:0), Мальдивы мен Корея (0:3), Қытай  мен Вьетнам (3:0), Үндістан мен Индонезия (1:3), Австралия мен  Ливан (3:1) спортшылары кездескен еді. Жалпы қазақстандықтар өнер көрсетіп жатқан «А» тобында жарыс қожайындары мен Мьянма волейболшыларынан бөлек қытайлық Тайпей спортшылары да бар.