АСТАНА. 10 шілде. ҚазАқпарат - Финляндия билігі Вихтавуори муниципалитетінің 2 мыңнан астам тұрғынын қауіпсіз жерге көшіруде.
Жергілікті билік мұндай қадамға оқ-дәрі зауытында жарылыс болуы мүмкіндігіне байланысты барып отыр, деп хабарлайды Утро.ру.
Мектептерде тұрғындар үшін уақытша баспана ұйымдастырылған. Жолдарда да көліктердің қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Оқиғаның бұдан арғы мән-жайы әзірше белгісіз.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.