деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Жаңа заңға сай, дүкен иелерін темекі бұйымдары қойылған барлық сөрелерді көктемге дейін алып тастауға міндеттейді. Шылымқорлар темекіні сатып алу кезінде оларды сатушыдан сұрауларына тура келеді. Сатушылар шылымды сөренің астынан алып беретін болады.
Заң сондай-ақ, салонда жасы кәмелетке толмағандар отырса, мәшинеде де темекі тартуға тыйым салады. Сонымен қатар, Финляндияда таяудағы үш жыл ішінде сигарет сатылатын барлық автоматтарды жою жоспарланып отыр.