«Франция 2020 жылға дейін қосымша 4 млрд. еуро бағыттап, кедей елдердің дамуына өзінің мемлекеттік көмегі деңгейін ұлғайтуға шешім қабылдады», - деді ол БҰҰ Бас Ассамблеясының жаһандық даму бойынша саммиті кезінде.
Ол сондай-ақ Франция мемлекеттік көмек агенттігін реформалап, үлкен аймақтық қаржы тобына қосады, сөйтіп, «міндеттемелерін орындауды» қамтамасыз ету үшін ірі Еуропа даму банкін құрады, деп атап өтті.