Картина өнер жұлдыздарының, суретшілердің, философтардың, журналистердің, сондай-ақ кішкентай балалардың әңгімелері баяндалған роликтерден тұрады. Әр роликтің ұзақтығы 3 минут 25 секунд. Режиссер актерларға осы уақыт ішінде камера алдында не істегілері келсе, соны жасауға рұқсат берген.
Фильм қараша айының соңында Авиньонда, ал қаңтар айында Парижде көрсетіледі.
Режиссер о баста өзінің шығармашыл достарының 100 бейнепортретін жасап, оларды бір жобаға біріктірмек болған. Бірақ кейіннен бұл идеяның өзіне ұнағаны сонша, режиссер оны әрі қарай жалғастыру туралы шешім қабылдаған, деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.