Францияда велоспорттан "Tour de l'Ain" көпкүндігі өтеді

АЛМАТЫ. Тамыздың 7-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Тамыздың 9-12 күндері Францияда велоспорттан "Tour de l'Ain" көпкүндігі өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат "Астана" велоклубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оған "астаналықтардан"  6 шабандоз қатыспақ. Олар - Валерий Дмитриев,  Хесус Эрнандес,   Крис Хорнер, Стив Морабито, Даниэль Наварро мен  Хосе Луис Рубьера.  Бұл әйгілі «Тур де Франц»  көпкүндігіндегі жеңісінен кейін астаналықтар қатысып отырған үшінші дода.  Оның алғашқысы тамыздың 1-і күні өз жалауын көтерген Испаниядағы "Классика Сан-Себастьян" көпкүндігі. Тамыздың 8-іне дейін созылатын осы сайыста Алан Галопиннің жетекшілігімен бақ сынап жатқан  спортшылардан Валерий Дмитриев, Даниэль Наварро, Стив Морабито, Хесус Эрнандес пен    Хосе Луис Рубьера енді Шон Ятес жетекшілігімен арғы күні Францияға аттанатын болады.