деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.Ру сайтына сілтеме жасап.
Оқиға дүйсенбі күні болған. Қылмыскерлер алдымен зауыт қызметкерлерінің бірінің үйіне барып, оны әйелімен бірге кепілдікке алады және ер адамды кәсіпорын аумағына апаруға және бағалы металдарды қайта өңдеу цехын ашуға мәжбүрлейді. Тапаншамен және мылтықпен қаруланған тонаушылар ол жерден цехтың 100-150 келі өнімін әкетеді. Қолды болған бұйымдардың дәл құны жабық күйінде қалып отыр.
Одан кейін ер адамдар кепілге алынғандарды босатып, зауыт аумағынан шығады және тонау кезінде бірде-бір оқ шығармай белгісіз бағытқа қарай жүріп кетеді. Тонаушыларды ізін суытпай ұстаудың сәті түскен жоқ.