Бұл туралы облыстық прокуратураның басқарма бастығы Нұрлан Құлбаев хабарлады. Оның айтуынша, аймақта мұнай жобаларын қабылдаумен айналысатын француздық «Шлюмберже» компаниясына қатысты ҚР ҚК 222-бабы «Ұйымдардан бюджетке салық төлеуден және өзге де міндетті төлемдерден жалтару» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Компания бұзушылықтарды 2007-2009 жылдар аралығында жасаған.
«Шлюмберже» заңгерлері бір жарым жыл ішінде сот шешіміне қарсы тұруға тырысып бақты. Бірақ сот бұзушылықтарды анықтаған қадағалау органдарының жағында болды.
«Компания бюджетке 1 млрд. 255 млн. теңге төледі. Оған басқа кінә тағылған жоқ. Сондықтан қылмыстық іс жабылды», - деп қорытты Н.Құлтаев.