Жалпы, бұл дүбірлі додада спорттың бұл түрінен ел намысын 6 спортшы қорғайды. Олар - Жібек Арапбаева, Юлия Галышева, Дарья Рыбалова, Юлия Родионова, Дмитрий Рейхерд пен Дмитрий Бармашов. Ж.Арапбаева, Ю. Галышева мен Д. Бармашов қысқы Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысқалы отыр. Ал Д. Рыбалова, Ю. Родионова мен Д. Рейхерд үшін бұл - екінші Олимпиада.
«Дмитрий Рейхерд фристайлден ел тарихында Әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақстандық спортшы. Ол бұл атаққа Швейцарияның Айроло қалашығында жасөспірімдер арасында өткен жарыста қол жеткізген болатын. 21 жастағы өскемендік халықаралық дәрежедегі спорт шеберінің бапкері Виктор Лемешко. 2008 жылы Еуропа кубогының иегері, ал былтыр Әлем кубогының кезеңдік жарысында қола жүлдегер атанған Дмитрий 2006 жылғы ХХ қысқы Олимпиада ойындарында 33-ші орынға табан тіреген болатын», дейді Асқар Омарқұлов.