Бұл турда Қостанайдың «Тобыл» командасы Көкшетаудың «Оқжетпесін» жеңіп, 23 ұпаймен жеке дара көш бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Осы турға дейін «Тобылмен» иық тірестіріп келген Павлодардың «Ертіс» клубы сырт алаңда өткен маусымдағы ел чемпионы - «Ақтөбемен» ұпай бөлісуге мәжбүр болды. 10-шы турдың орталық матчы саналған бұл ойында есеп ашылған жоқ. Сөйтіп павлодарлықтар қостанайлықтардан 2 ұпай қалып қойды.
10-шы турдағы қалған матчтардың нәтижелері мынадай: «Шахтер»-«Тараз» 2:0, «Атырау»-«Жетісу» 1:2, «Ордабасы»-«Локоматив» 3:1, «Ақжайық»-«Қайрат» 2:2. Келесі турдың ойындары мамырдың 20-да өтеді.