Футбол: «Ақжайық» Анталиядан оралды

ОРАЛ. 29 қаңтар. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан чемпионаты премьер-лигасында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» Түркияның Анталия қаласында алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізіп, елге оралды.

«Ақжайық» футбол клубының баспасөз хатшысы Арсен Ғұбашевтің айтуынша, командада жергілікті ойыншылармен қатар бірнеше легионер де жаттығуда. «Ақжайықты» баптап жатқан белорус маманы Владимир Гольмакпен де, сырттан келген футболшылармен де әзірге келісімшарт жасала қойған жоқ.

Команда 2 ақпан күні Түркияға екінші оқу-жаттығу жиынына аттанады. Клуб құрамы сол кезде нақтыланбақ.