ОРАЛ. 25 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - 24 сәуірде футболдан Қазақстан чемпионаты бірінші лигасының командалары биылғы маусымдағы беташар ойынын өткізді.
Оралдың «Ақжайығы» Сәтпаев қаласында жергілікті «Қазақмыспен» күш сынасты. Тартысты өткен ойында есеп ашылмай, тең аяқталды. 27 сәуірде оралдықтар екінші ойынын Қарағандыда «Гефестпен» өткізеді. «Гефест» командасы кеше «Ақтөбе-Жасты» 3:2 есебімен ұтты.
«Ақжайық» өз алаңындағы алғашқы ойынын 4 мамырда «Лашын» (Қаратау) командасымен өткізеді. Бірінші лигада барлығы 18 клуб бақ сынауда.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).