ОРАЛ. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - Анталияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Оралдың «Ақжайығы» белорус маманы Владимир Гольмактың басшылығымен жаттығуда.
«Ақжайық» футбол клубының баспасөз хатшысы Арсен Ғұбашевтің хабарлағанындай, В.Гольмак ойыншы ретінде «Днепр» (Могилев), «Белшина» (Бобруйск), «Славия» (Мозырь), «Торпедо» командаларының намысын қорғаған. Әсіресе, «Славия» құрамында табысқа қол жеткізіп, 1996 жылы Беларусь елінің кубогын ұтып алған.
Бапкерлік жолын минскілік «Локомотив» пен «Гомельде» бас жаттықтырушының көмекшісі ретінде бастаған Владимир Гольмак кейін әйгілі «Динамода» (Минск) білігін көтерді. 2010-2011 жылғы маусымда Беларусьта СКВИЧ командасының бас бапкері, ал өткен маусымда «Неман» футбол клубы (Гродно) төрағасының көмекшісі болды.
Белорус маманымен әзірге келісімшартқа қол қойыла қойған жоқ.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).