ОРАЛ. 7 ақпан. ҚазАқпарат - Кеше Анталияға екінші оқу-жаттығу жиынына аттанған Оралдың «Ақжайығы» құрамында босниялық ойыншы Эдин Пехлич өз бағын сынап көрмек.
«Ақжайық» футбол клубының баспасөз хатшысы Арсен Ғұбашевтің хабарлағанындай, шабуыл шебінде өнер көрсететін Э.Пехлич - «Краина» футбол клубының (Казин) түлегі. Бірнеше клубтың намысын қорғаған Эдиннің соңғы командасы - Босния және Герцеговинаның жоғары тобында ойнайтын «Вележ Мостар».
Белорус маманы Владимир Гольмактың басшылығымен жаттығып жатқан «Ақжайық» құрамына сондай-ақ легионерлер Марко Джорджевич, Неманья Джоджо, Азамат Байматов, Сергей Кондратьев, Александр Дмитриев шақырылып отыр.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).