ОРАЛ. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - Сербиялық қақпашы Неманья Джоджо бұл күндері Анталияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Оралдың «Ақжайығына» келіп, бақ сынап көрмек.
«Ақжайық» футбол клубынан түскен мәліметке қарағанда, өткен маусымда сербиялық легионер қызылордалық «Қайсардың» намысын қорғаған болатын, оған дейін бельгиялық «Шарлеруада» ойнаған.
Аталмыш жиында «Ақжайық» құрамында тағы үш қақпашы бар. Олардың бәрі де - Орал футболының түлектері Роман Багаутдинов, Стас Покатилов, Андрей Неупокоев.
Алдағы күндері команда төрт жолдастық кездесу өткізеді. Әзірге «Ақжайықтың» бас бапкері мәселесі шешілген жоқ.
Оралдық команда биылғы чемпионаттағы алғашқы кездесуін 9 наурызда ел чемпионы «Шахтермен» (Қарағанды) өз алаңында өткізеді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).