ОРАЛ. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан ҚР чемпионаты премьер-лигасының екінші турында Оралдың «Ақжайығы» Таразда жергілікті командамен күш сынасады.
«Тараз» да, «Ақжайық» та бірінші турда ірі есеппен жеңіске жеткен болатын. «Тараз» 4:1 есебімен «Атырауды» тізе бүктірсе, оралдықтар 3:0 есебімен ел чемпионы «Шахтерді» жеңген еді.
Өткен жылғы маусымда «Ақжайық» бірінші айналымда өз алаңында «Таразды» 3:0 есебімен ұтса, біріншіліктің екінші кезеңінде тараздықтар 3:2 есебімен есе қайырған болатын.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).