Футбол: Бүгін Қазақстан чемпионатының 7-ші турының кейінге шегерілген матчтары өтеді

АСТАНА. Сәуірдің 28-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының 7-ші турының кейінге шегерілген матчтары өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл турда өткен маусымдағы ел чемпионы - «Ақтөбе» «Атырауды» қабылдайды. Талдықорғанның «Жетісу» командасы Қарағандының «Шахтер» клубымен кездеседі. Сондай-ақ, осы турда Көкшетаудың «Оқжетпес» және Павлодардың «Ертіс» командалары ойнайды.

Айта кетейік, 7-ші турдан кейін 17 ұпай жинаған Қостанайдың «Тобыл» командасы жеке дара көш бастап келеді. Екінші орында 13 ұпайы бар «Шахтер», үшінші орында 11 ұпайы бар «Ертіс» келеді. Көш соңында 7 ойында бар-жоғы 2 ұпай еншілеген Оралдың «Ақжайық» командасы тұр.