деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Айта кетейік, «А» тобында ойнайтын «Цесна-94» бірінші кездесуінде Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр Автономиялық Республикасы командасын 3:2, екінші матчта Өзбекстанның «Бунёдкор» (Ташкент) клубын 1:0 есебімен ұтқан болатын. Ал, топтық кезеңдегі үшінші ойынында Ресейдің «Зенит» (Санкт Петербор) командасынан 3:5 есебімен ұтылып қалды. Сөйтіп «А» тобында екінші орын алған «Цесна-94» «В» тобында екінші орыннан көрінген ЦСКА-мен турнирдің қола жүлдесін сарапқа салады. Ал, бас жүлдесі үшін «Зенит» пен Сербияның жасөспірімдер құрамасы ойнайды. Бұл екі команда да өз топтарында барлық ойында жеңіске жетіп, бірінші орын алды. 5-ші орын үшін Өзбекстанның «Бунёдкор» және Түркияның «Галатасарай», 7-ші орын үшін Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр Автономиялық Республикасының командасы мен Әзірбайжанның «Бакы» клубы таласады.