деп хабарлайды қазАқпарат.
Бұл ойын наурыздың 14-і күні сағат 14-те басталады. Айта кетейік, Қазақстан Футбол федерациясының бекіткен ережесіне сәйкес, Қазақстанның Супер кубогын алдыңғы маусымда Премьер-лига командалары арасында чемпион атанған және Қазақстан кубогын жеңіп алған командалар өзара сарапқа салады. 2008/2009 жылғы маусымда «Ақтөбе» 26 ойында 65 ұпай жинап, ел чемпионы атанған болатын. Ал, «Атырау» болса финалда Қарағандының «Шахтер» командасын жеңіп, былтыр Қазақстан кубогының иегері атанды.