Футбол: Ертең Қазақстан құрамасы Беларуспен ойнайды

АСТАНА. Қазанның 9-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Ертең, қазанның 10-да футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2010 жылы Оңтүстік Африка Республикасында өтетін Әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында сырт  алаңда Беларус құрамасымен ойнайды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, Беларусқа Қазақстан құрамасының қатарында барлығы 21 футболшы аттанған. Атап өтерлігі, іріктеу турнирі аясында біздің команда Беларус футболшыларын ағымдағы жылғы сәуірдің 1-де қабылдап, 1:5 есебімен ойсырай ұтылған болатын.  Ал жалпы алдағы кездесу  біздің команданың іріктеу турнирі аясындағы 9-шы ойыны болмақ. Жерлестеріміз бұған дейін  барлығы сегіз  кездесу өткізіп, соның екеуінде жеңіске жетті, қалғандарында ұтылып қалды.  Сөйтіп олар  сегіз  ойыннан кейін 6 ұпай жинап, өз тобындағы алты команданың ішінде бесінші орында келеді.