Матчтың негізгі кезеңі 1:1 есебімен тең аяқталғандықтан, командалар жеңімпазды қосымша уақытта анықтады. Матчтың 116-шы минөтінде уругвайлық шабуылшы Диего Форлан соққан гол «Атлетикоға» жеңіс сыйлады. Форлан бұл матчтың сөзсіз қаһарманы болды, себебі «Фулхэм» қақпасына бірінші голды да осы футболшы соқты.
Айта кетейік, Еуропа лигасы 2009/2010 жылғы маусымда тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Оған дейін бұл турнир УЕФА кубогы деп аталып келді. Еуропа лигасы қарт құрлықтағы дәрежесі жағынан Чемпиондар лигасынан кейінгі екінші турнир болып саналады.