деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, іріктеу турнирінде Қазақстан Ресей, Швейцария, Израиль және Ирландия құрамаларымен бірге 6-шы топта сынға түседі. Турнир күнтізбесіне сәйкес, біздің команда келесі ойынын қазанның 24-інде сырт алаңда Израильмен өткізеді. Ал қазанның 29-ында Ирландияны қабылдайды, бұл ойын Талдықорғанда өтеді. Біздің топтағы өзге матчтардың нәтижелері мынадай: Швейцария - Ирландия 2:0, Швейцария - Ресей 1:2.