Футбол: Қазақстан әйелдер құрамасының жаңа бас жаттықтырушысы тағайындалды

АСТАНА. Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының жаңа бас жаттықтырушысы болып молдовалық маман Евгений Пусиков тағайындалды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Футбол федерациясының мәліметінше, команданың бұрынғы жаттықтырушысы Борис Емелин қызметінен спорттық көрсеткіштері бойынша босатылды. Жаңа бас жаттықтырушы 57 жастағы Е. Пусиков әйелдер командаларын жаттықтырушы мансабын 1988 жылы Кишиневтің «Визир» командасынан бастаған. Одан кейін ол Молдованың «Кодру» (1989-1991, 1994), Украинаның «Олимп» (1992), Румынияның «Конфекция» 1993), Молодованың «Конструкторул» (1996-2000), Молдованың «Плай» (2001-2004), Ресейдің «Спартак» (2002), Молдованың «Нарта» /2004-2009/, Ресейдің «УОР» (2009) командаларын жаттықтырған. 2004-2005 жылдары Е. Пусиков Молдованың жастар құрамасын, 2005-2006 жылдары Молдованың ұлттық құрамасын жаттықтырды.